
«Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы Арыс қаласы білім бөліміне қарасты М.Тынышбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3 тарауы (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі ) 1 параграфы (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі) негізінде конкурс жариялайды.
Бос орында тұрған лауазымдық жұмыс:
Конкурс төмендегі мекен -жай бойынша өтіледі:
Түркістан обылысы Арыс қаласы Дермене ауылдық округі Қызылкөпір ауылы Үлгілі көшесі 40
+7 7770968817
Электрондық почта: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтықактілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің,
педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).