Бос жұмыс орнына конкурс жариялау!

                                                         

          «Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы Арыс қаласы  білім бөліміне қарасты М.Тынышбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3 тарауы (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін  лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі ) 1 параграфы (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін  лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі) негізінде конкурс жариялайды.

 

Бос орында тұрған лауазымдық жұмыс:

  1. Директордың оқу жұмыс жөніндегі орынбасары 1 шатат бос лауазымы:

Конкурс төмендегі мекен -жай бойынша өтіледі:
 Түркістан обылысы Арыс қаласы Дермене ауылдық округі Қызылкөпір ауылы Үлгілі көшесі 40
 +7 705 239 0923
 Электрондық почта: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.

 

        Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1.      Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2.      Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификация үшін);

3.      Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы

4.      Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5.      Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6.      "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтықактілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7.      психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8.      наркологиялық ұйымнан анықтама;

9.      педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің,

педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай: Түркістан облысы, Арыс қаласы, Дермене ауыл округі, Қызылкөпір елді мекені,Үлгілі көшесі №40.

Электрондық мекенжай: Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс.